16
сентябрь
2019
"Қазақстан халқы тілдері күні"мерекесі
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебінің 5- Қыркүйек күні "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл деп ұлағатты сөз қалдырған қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай "Қазақстан халқы тілдері күні" мерекесі өткізілді. Қазақтың әдебиет зерттеушісі ғалымы түркітанушы , публицист, педогог, аудармашы қоғам қайраткері Ахмет"... Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде , қорлыққа шыдап , құлдыққа көніп , ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып ,ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді"деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатын мерекелік іс-шараның жоспары құрылып бекітілді."Ахмет Байтұрсынұлының - зиялылар көсемі" тақырыбындва 5-11 сыныптар аралығында сынып сағаты өткізілді.Ахмет Байтұрсынұлының портреті , кітап көрмесі ,ақынның қанатты сөздері , видеоролик ,презентация көрсетілді.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы , кітаптары , ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беріп, ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып , өз елін суюге , оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.