15
ноябрь
2018
"МЕКТЕП ЖОЛ" акциясы
С.Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім беретін мектебіндегі "Болашақты бірге жасаймыз!" тақырыбында өтетін "Мектеп жол" акциясы жыл сайын өтіледі. Бөлінген мөлтек аудандар бойынша күндізгі рейд жасап, балалардың тізімі анықталады. Рейд барысында әлеуметтік көмек қажет ететін отбасылар тізімі мен мекен -жайлары тіркеледі. Аз қамтамасыз етілетін отбасыларға көмек көрсету мақсатында ЖШС басшыларына және кәсіпкерлерге үндеу хат жіберіліп, ұсыныс жасалынды. Атап айтсақ: Байгулиевтер отбасынан шыққан 3 оқушыға мектепке керекті заттары алынып берілді. Бұл отбасына қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалманбетов Болат балаға деген мейірімін аямай көмегін берді. Арслановтар отбасынан шыққан 4 оқушыға, төрт отбасынан шыққан 10 оқушыға, Шайхиев Қанат мырза оқушыларға керекті құрал жабдықтарын алып берді. Ауыл тұрғыны Меркі аудандық маслихат депутаты Алтынбаев Ахан Көктеубайұлы 1 оқушыға киім-кешек жағын қамтамасыз етіп, жеке кәсіпкер Аубакирова Әлия 15 оқушыға киім-кешек алып беріп және керекті заттармен қамтамасыз етті. Сұрат аулының тұрғыны жеке кәсіпкер Жұматаев Али мырза 25 оқушыға кажетті заттарын алып беріп, жомарттық танытты, Алдабергенов Бекет 3 оқушыға көмек көрсетті. Осындай жомарт азаматтарымызға алғысымыз шексіз, бұл кісілерге Алланың нұры жаусын дейміз!