02
сентябрь
2019
1- Қыркүйек - Білім күні
Құрметті жиналған , қонақтар , ата-аналар аяулы оқушылыр. Бүгінгі сағынышқа , шаттыққа толы "Алғашқы қоңырау " мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын. Биылғы 2019-2020 оқу жылының басталуына байланыстты 1 қыркүйек - Білім күні мерекесі "Саналы ұрпақ -жарқын болашақ" тақырыбында іс-шара өтілді.Бұл іс-шарамызға ортақтасу ушин құрметті қонақтар келді. Олар жастар ресурс орталығы маманы - Айтбек Күшікбай ұлы , Сұрат ауылдық округі әкімдігінің маманы- Әдібек Нұрәділ, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі - Сәдірмекова Қанаткүл , Ата -аналар қоғамдық кеңесі төрайымы- Сауытбекова Назира. Іш - шарамызды мектеп директоры А.Р. Спанкулова өз сөзімен ашып берді .Бүгінгі мерекемізде бірнеше әндер шырқалды және жас бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен көпшілік қауымды тәнтті етті. Алғашқы қоңырауды мектебімізден биыл түлеп ұшатын оқу озаты Әскербек Ернұр және мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған талапты , білімге жаны құштар бүлдіршініміз Есенбек Дарын күнбірлете алғашқы қонырау соқты.Барша мектеп оқушылырына ақ жол тілейміз.