«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамдағы негізгі мәселе» тақырыбында баяндама оқылды.
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты айлық кезінде 2023 жылдың 26 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектеп білім алушыларының ата-аналары арасында жиналыс өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамдағы негізгі мәселе» тақырыбында баяндама оқылды. Іс-шара барысында келешегіміздің туын жоғары көтерер жастарымызды осынау қоғамның кесапатынан сақтау, оларға дұрыс тәрбие беру, соның ішінде қоғам дерті сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікке баулу ата-ана мен ұстаздың өлшеусіз еңбегінің нәтижесі болып табылатындығы туралы пікірлер айтылды. Жиналысқа келіп, ой бөліскен қауым іс-шара жұмысын қорытындылай келе баланы шыншылдыққа баулып, келеңсіз оқиғалардан, парақорлықтан бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу баршамыздың негізгі мақсатымыз деген оймен түйіндеді. Бойына адалдық құндылығын сіңірген жастарымыз халықтың сенімін ақтап қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу-мемлекеттік органдардың, қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғарғы деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.
