24
январь
2024
"Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау", "Суицид", "Бала құқығы" тақырыптарында 1-11 сыныптарының білім алушылары арасында бірыңғай тәрбие сабақтары өткізілді.
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №748 қаулысымен бекітілген Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар аясында білім беру ұйымдарындағы «DosbolLIKE» балаларды қорлаудың алдын алу бағдарламасына сәйкес Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау", "Суицид", "Бала құқығы" тақырыптарында 1-11 сыныптарының білім алушылары арасында бірыңғай тәрбие сабақтары өткізілді.
Мақсаты: Зорлық -зомбылық туралы мағлұмат бере отырып, оның адам үшін ең жаман қасиет екенін ұғындыру. Адамның ең басты құндылығы - оның бостандығы екенін және әр адамның құқықтары мен бас бостандықтарын қорғап, құрметтеу керектігі туралы түсіндіру.
Зорлық -зомбылық адам ағзасына тікелей кері әсер ететіні жайында мағлұматтар беру. Оқушыларымызды жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстатып, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым- қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.