Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖОББМ 2022 жылдың 12 сәуір күні балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің, нашақорлықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында "Өз өмірің-өз қолыңда" атты 7-11 сынып оқушылары арасында мектеп психологы А.Бектурганова мен әлеуметтік педагог Б.Чотбаеваның ұйымдастыруымен акция өткізілді. Акцияның мақсаты: өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсінуіне ықпал ету. Адам бойындағы құндылықтарды дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету,жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын насихаттау. Акция барысында білім алушылар "Өз өмірің-өз қолыңда" атты ұранымен челлендж ұйымдастырылды