

Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 ЖОББМ тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 24 сәуірдегі #160 бұйрығына сәйкес жас маман Б.Сатымбаевқа мектеп директоры С.Сеитова мен тәлімгер, педагог-зерттеуші К.Алимбекова "Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен, ҚРБҒМ-нің 2020 жылғы 6-сәуірдегі # 130 бұйрығындағы қысқа мерзімді жоспар, сабаққа қатысу дәптерін жүргізу тәртібімен таныстырды. Тәлімгер К.Алимбекова сабақ жоспарларының құрылымын жасауға, өз білімін жетілдіру жоспарын құру және журнал талаптарымен таныстырып, әдістемелік жинақтармен жұмыс жасауға бағыт-бағдар берді.