Қазақтың бір туар мемлекет және қоғам қайраткері, кезінде Социалистік еңбек ері атағының иегері Асанбай Асқаровтың 15 қыркүйек туған күніне орай Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 жалпы орта білім беретін мектебінде 4 "А"сыныбының жетекшісі В.Найзабекованың ұйымдастыруымен "Мен еліммен біргемін" тақырыбында ашық сынып сағаты өткізілді. Іс-шара барысында өскелең жас ұрпаққа жерлесіміз А.Асқаровтың мемлекеттік қайраткерлігінен басқа оның жазушылық және сурет салу өнерінің де болғаны жайында, адами құндылығы жоғары ірі тұлға болғандығы туралы кеңінен мағлұматтар берілді