02
сентябрь
2024
Педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссия отырысының шешімі.
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесінде бос тұрған химия пәні мұғалімінің -14 сағат жүктемемен ( нақты орын) 2024 жылдың 20.08-28.08 аралығында конкурсқа құжаттар қабылдау жүргізілді. Осы уақыт аралығында конкурс талаптарына сай химия пәні мұғалімдігіне үміткер ретінде бір педагог құжаттар өткізді. Аталған лауазым бойынша конкурс ағымдағы 2024 жылдың 2 қыркүйек күні жүзеге асырылды. Конкурстық комиссия отырысында "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 15 тамыз 2023 жылғы /259 бұйрығына сәйкес үміткерлердің құжаттарын қарап , 16- қосымшасына сай бағалау парағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша баллдарын көрсете отырып, үміткердің конкурсқа ұсынған құжаттарын саралап, есептеуді жүзеге асырды. Нәтижесінде Әлімжанова Мадина Әлімжан қызы химия пәні мұғаліміне қабылдау туралы мектеп директоры С.Сеитоваға ұсыныс жасау жөнінде шешім шығарылды.