08
апрель
2024
«Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады»- деген.
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде су тасқынынан орын алған ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады. Су тасқынынан зардап шеккен еліміздің өңірлеріндегі орын алып отырған төтенше жағдай бәріміз үшін сын сағат. Бәріміз бірге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла біріксек, бұл апатты да еңсереріміз хақ.Президент үндеуі, бізге білдірген сенімі- әрқайсысымыздың жүрегімізге жол тапты деп ойлаймын.Байлық байлық емес, бірлік байлық.Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан:«Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады»- деген. Қазақстан- ортақ мекеніміз, мықты беріктігіміздің, ауызбіршілігіміздің арқасында осындай қиын сәттерде жұмыла,біріге білейік дегім келеді.Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры: С. Сеитова












