15
апрель
2024
Оқуға құштар мектеп
15.04.күні мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушыларымен «Қыз Жібек»эпосына 515 жыл толуына орай танымдық сағаты өткізілді. «Қыз Жібек» — қазақ халқының жыры, қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастандарының ішіндегі ең көркемі. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға. «Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген . Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған.
