17
октябрь
2023
"Төрт тоқсан - төрт өнер" мәдени-ағартушылық жобасы
"Төрт тоқсан - төрт өнер" мәдени-ағартушылық жобасы аясында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында 17 қазан күні "Кітапты жан азық деп қанып іш..." тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбаев айтқандай, кітап – адам өміріндегі асыл қазынасы, сарқылмас байлығы. Руғани ләззат беретін, ұшталған қаламмен жазылған сарқырама даналық пен асыл діңгекті тәрбиенің таптырмас парағы. Кітапханашы Ш. Құрымбаева көрмені оқушыларға таныстыра отырып, әр оқушының қызығушылығына қарай қызықты кітаптар ұсынды.






