17
ноябрь
2021
Түлек

Қартаңбайұлы Қуанышбек
Аудан: Меркі
Мектеп: Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы білім бертін мектебі»
Мектепті бітірген жылы: 1994
Қартаңбайұлы Қуанышбек 1977 жылдың 12 сәуірінде Меркі ауданы Сұрат ауылдық округіне қарасты Тескентоған (Қызыл Ту) ауылында дүниеге келген.1984-1994 жылдары орта мектепте білім алды.Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 орта мектебін үздік бітірген түлегі. 1994-1998 жылдары Алматы қаласындағы «Қайнар» университетінің заң факультетінде оқып, заңгер мамандығын алып шыққан.1998-1999 әскери борышын өтеген. Еңбек жолын 2000 жылдың 30 наурызынан бастады. Сол уақыттан бері Алматы облысы Сарқан ауданы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Шу ауданаралық прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокурорының көмекшісі, Меркі және Т.Рысқұлов аудандары прокурорларының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының 1-ші басқарма прокуроры, аға прокуроры, 5-ші басқарма прокуроры, облыс прокурорының аға көмекшісі, Меркі ауданы прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры лауазымдарында қызмет атқарған. 2020 жылдың 28 ақпанынан бастап Меркі ауданы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалған. Сыныптық шені: 2015 жылы Бас Прокурордың бұйрығымен әділет кеңесшісі (подполковник) шені берілген. Қ.Қартаңбайұлы - қызметте кәсіби және іскерлік сапаға, ұйымдастырушылық қабілетке ие, тапсырылған жұмыстарға жауаптылықпен қарайтын қызметкер. Күнделікті қызметіне талдау жасап, жүктелген тапсырмаларды мерзімінде сапалы орындауда. Қ.Қартаңбайұлы қызмет атқарған кезеңде жұмыстың барлық саласында жеке уақытымен есептеспей, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға елеулі үлес қосып, өз қызметін үлгілі атқарып келеді. Адамдармен қарым-қатынас барысында сыпайы және байсалды. Қ.Қартаңбайұлы жұмыс атқарған мерзімде бірнеше рет марапатталған, соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 2 мамырдағы №86/6 бұйрығымен 2-ші дәрежелі «Прокуратура үздігі» кеуде белгісімен, сондай-ақ II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарімен марапатталған.