"Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі"
Ақпарат 2023 жылдың қаңтар айында Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Дұрыс тамақтануды насихаттау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру» бағытында «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері сыныптың жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне қарай түрлі тақырыптар аясында іс-шаралар өткізді. Сынып білім алушылары әр түрлі бау-бақшада өсетін көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттері мен киімдерін киіп, түрлі қойылымдар өткізді.