07
февраль
2023
«Менің бақытты отбасым» тақырыбында мектепте сурет байқауы
7 ақпан күні 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Менің бақытты отбасым» тақырыбында мектепте сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар сурет байқауына берілген тақырыпқа сай суреттер салып, ойларын ашық жеткізіп, жұмыстарын қорғады. Талапқа сай салынған сурет авторлары 4 «А» сынып оқушылары Рысқұл С, Нышан Еркежан, 4 «Ә» сынып оқушылары Сауранбай Н, Ерсіналы А, 3 сынып оқушылары Серік З, Нұрғазы Е, 2 «А» сынып оқушылары Бекен Г, Сарналы Н, 2 «Ә» сынып оқушылары Аманжол Е, Жомарт Н, 1 «А, Ә» сынып оқушылары Фермебай А, Мұхтар Х - 1,2,3 орындармен марапатталды.
