11
декабрь
2019
Кәсіподақ жиналысы
Сыпатай Әлібекұлы №19 ЖББ-мектебінде 10-Желтоқсан күні бастауыш кәсіподақ комитетінің Әлеуметтік еңбек қатынастары бойынша 2018-2019 жылдарға жасалған Әлеуметтік әріптестік жөніндегі 2019жылдағы Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы есеп беру жиналысы өтті.Жиналысқа Меркі ауданы білім қызметкерлерін кәсіподақ комитетінің аудандық атқару комиссия мүшесі-Қартайғанова Зәуреш Бақытбекқызы қатысты.Жалпы мектебімізде 48 педагог және 32 кіші қызметкер жұмыс атқарады. Жиналысқа 70 қатысты.Ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы мектеп директоры А.Р.Спанкулова есептік баяндамасын және кәсіподақ төрайымы Айтбаева Пернекуль Сауытбековна қосалқы есептік баяндамасын жасады.Баяндамада мектептің ішкі тыныс тіршілігі көрсетілді.Меркі аудандық білім қызметкерлерін кәсіподақ комитетінің аудандық атқару коммисия мүшесі Қартайғанова Зәуреш Бақытбекқызы жақсы деген баға берді және мектеп ұжымына алдағы уақытта табыс бірлік тіледі. Жиналыс соңында мектебіміздің үздік педогогтарды жеткен жетістіктерімен мектеп директоры Спанкулова Айжан Рысқазықызы марапаттады.