07
июнь
2024
"ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ" атты республикалық форумына қатысты.
07.06.2024 жылы Астана қаласында "Білім өркениеті" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруымен өткізілген, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларды арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткен "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ" атты республикалық форумына қатысып, жеңімпаз атанғаны үшін І дәрежелі диплом және төсбелгісімен мектебіміздің 10- сынып білім алушылары: Жаки Аружан, Жексен Айсулу, Спанкулова Назерке, 6-сынып білім алушысы: Арыстанбек Толғанай марапатталды.Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсейтова Айнур Асетовна.
Сонымен қатар 2-сынып білім алушысы: Ануарбек Аршат І дәрежелі дипломмен және төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі: Сандыкбаева Эльнура Калмаханбетовна. Жеңімпаз білім алушылардың ата-аналарына, жетекшілеріне алғыс хат табыс етілді.