25
апрель
2024
"Өлке өркениеті" атты VI-ші дәстүрлі облыстық жас суретшілер мен шеберлердің байқауы өтті.
Қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің мерейлі 120 жылдығына байланысты және Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтының мерейлі 15 жылдығына орай "Өлке өркениеті" атты VI-ші дәстүрлі облыстық жас суретшілер мен шеберлердің байқауына Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 11- сынып білім алушысы Жекей Ақжол қатысты. Жекей Ақжол ой зердесімен, әсемдікті көркемдеп сезіне білу ерекшелігімен көзге түсіп , жас суретшілер арасында жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Мақтабаева Салима.






