29
сентябрь
2023
"Өзін-өзі басқару" ұйымының Президентін және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау өткізілді.
2023 жылдың 29 қыркүйегінде Сыпатай Әлібекұлы атындағы ✓19 ЖОББМде оқушылардың "Өзін-өзі басқару" ұйымының Президентін және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының "Ұланбасын" сайлау өткізілді. Президенттікке және Ұланбасына 8-11 сынып аралығынан оқушылар өтініш білдіріп, оның ішінде 8 үміткерлер іріктелді. Сайлау алды үгіт насихаттарын қабырға газеттерінде жариялап, оқушылармен ашық кездесуде өз бағдарламаларымен ой бөлісті. Бүгінгі күнге дейін сайлау жалғасып 8, 9, 10, 11-сынып оқушылары бюллетень арқылы дауыс беріп өз таңдауларын жасады. Дауыс беруге 8-11 сынып оқушылары қатысты. Сайлау қорытындысы бойынша "Өзін-өзі басқару" ұйымының Президенті болып 10 сынып оқушысы Сатымбай Алина сайланды.




