06
май
2025
№732 хатын негізге ала отырып, оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 24.04.2025 жылғы №732 хатын негізге ала отырып, оқу жылының аяқталуына орай мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. Ағымдағы 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты 5-8,
10 сыныптарындағы аралық емтихандары және 9,11 бітіруші сыныптарындағы мемлекеттік емтихандарының өткізілу тәртібі туралы.
2. Балалардың мектептен тыс уақыттағы өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету (жаз мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу, түнгі мезгілдегі т.б.).
3. Жаз мезгіліндегі оқушылардың мектеп жанындағы лагерьде үйірмелерге қамтылуы.
4. Мектептің әлеуметтік қызметі, қала сыртындағы лагерьге оқушылардың қамтылуы.
5. Алдағы 2025-2026 оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
6. Мектеп қабырғасында өтетін түрлі салтанатты шараларға, әкімшілік пен мұғалімдерге сыйлықтарға мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарынан ешбір қаражат жиналуына болмайтындығы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналарға толық ақпараттар ұсынылып, түсіндірме жүргізілді. Сонымен қатар оқушылардың алдағы жазғы демалыстар кезінде бала қауіпсіздігіне ата-аналар тарапынан барынша жауапкершілікпен қарап, балаларды бақылауға алудың маңыздылығы туралы айтылды.