Біз туралы » Страница 21 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
ББЖМ-ге дайындық
03
март
2022
ББЖМ-ге дайындық
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "оқу сауаттылығы" бағыты бойынша ағылшын тілі пәнінен ББЖМ- ға наурыз айында  АКТ қолдана отырып, тест тапсырмалар жүргізіледі. ББЖМ тапсырмалары "Bilimland", "Darynonline", "Itest", "Quizziz" платформалары арқылы алынып жатыр. Әр алынған тест тапсырмаларының нәтижесі талданып, қатемен жұмыс жасалып, білім алушылардың мониторингі шығарылып отыр. Пән мұғалімдері: П.Айтбаева,Г.Наркулова
"Алғыс айтамын" атты мерекелік іс-шарасы
03
март
2022
"Алғыс айтамын" атты мерекелік іс-шарасы
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай мектеп фойесінде "Алғыс айтамын" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа Алғыс айту туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген, шәкірт - ұстазға деген, әр адамның туған елге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Ұжым арасында қарым-қатынасты нығайту. Мектеп директоры
" Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы" тақырыбында асық атудан сыныптан тыс сабақ
02
март
2022
" Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы" тақырыбында асық атудан
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19ЖОББМ  02.03.2022 күні  Көркем - эстетика және дене шынықтыру бірлестігінің айлығы кезінде, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сатымбаев Бекжан    " Ұлттық ойындар - ұлтымыздың құнды мұрасы" тақырыбында асық атудан сыныптан тыс сабақ өтті. Сабақ барысында  мұғалім әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып  "Қыран " тобы, "Барыс"  тобы болып 2 топқа бөлінді. Оқушылар  асық ату , білектесу, қаппен жарысу сайысында өз қызығушылықтарын көрсетіп, белсене қатысты . Сонымен
"Ханталапай" ұлттық ойыны
02
март
2022
"Ханталапай" ұлттық ойыны
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық 0 "А" сынып   тәрбиеленушілері арасында балалардың танымдық зияткерлік дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Ханталапай" ұлттық ойыны өткізілді . Мектепалды даярлық мұғалімі Мұқаш Гаухар ойынға жақсы қатысқан тәрбиеленушілерді  марапатталды .
Аудандық олимпиада жүлдегерлері
01
март
2022
Аудандық олимпиада жүлдегерлері
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Әбдіқадыр Меруерт жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндер олимпиадасының аудандық кезеңінде өзін-өзі тану пәнінен І орын алып, облысқа жолдама алды. Ағылшын тілі пәнінен Серік Бегімай  II жүлделі  орынға ие болды. Құттықтаймыз.   Жетекшілері:  Бектурганова Айдана Беркитовна мен Жакупбекова Гульназ Оразгельдиевна.
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Киіз басу өрнектері" тақырыбында бірлескен жұмыс
01
март
2022
"Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Киіз басу өрнектері" тақырыбында
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық мұғалімі Кебекбаева Маржан 0"Ә" сынып ата-аналарымен  "Дәстүр мен ғұрып" жобасы аясында "Киіз басу өрнектері" тақырыбында бірлескен жұмыс жүргізілді.
"Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ
23
февраль
2022
"Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19ЖОББМ  23.02.2022 күні  Көркем - эстетика бірлестігінің айлығы кезінде, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шортанбеков Сағынбек "Қозғалмалы ойындар" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында  мұғалім әр түрлі әдіс - тәсілдерді пайдаланып,"Мысық пен тышқан", қозғалмалы ойындар ойнатылып қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, алға қойған мақсатына жете білді.Оқушылар қызығушылық танытып, белсене қатысты.
"ЖАЙДАРЛЫ ЖАЙДАРМАН" КВН
22
февраль
2022
"ЖАЙДАРЛЫ ЖАЙДАРМАН" КВН
22.02.2022ж Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта  білім беретін мектебінің "Өзін өзі" басқару ұйымының мүшелері аудан мектептерінің арасында өткізілген "ЖАЙДАРЛЫ ЖАЙДАРМАН" КВН ойынының аймақтық кезеңінде  ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Абаева Айнұр
"Special Days" тақырыбында зерттеу сабағы
21
февраль
2022
"Special Days" тақырыбында зерттеу сабағы
21.02.2022 Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19жалпы орта білім беретін мектебінде Lesson study аясында 2 ә сыныбында ағылшын тілі мұғалімі Иембергенова Ақмаржан "Special Days" тақырыбында зерттеу сабағын жүргізді. Сабақта жеке, топтық, жұптық тапсырмалар беріліп, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға арналған жұмыстар жүргізілді. Сабақтан кейін оқушы үні тыңдалып,  ұстаздар сабақтың тиімді тұстары мен жақсартуға болатын тұстарын талқылады.
ББЖМ-ге дайындық
10
февраль
2022
ББЖМ-ге дайындық
10.02.22. Ж. 9-сынып білімгерлерімен Ббжм-ға кезекті сынама математика пәнінен дайындық өткізілді. Білім беру стандартына, әлеуметтік стандарттарға сәикес тапсырмалар берілді. Мақсаттары: білім   алушының білім сапасын негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес бағалау. Тест міндетті : білім берудің келесі деңгейін бағалау математика пәнінен кезекті сынама алынып, мониторинг шығарылыпды.Ұсыныс.Келесі сынамада алған білімді өмірмен байланыстыратын есептер