«Төрлет, төл мереке әз Наурыз!»
2019 жылдың 20-наурыз күні 22-наурыз мейрам күніне орай «Төрлет, төл мереке әз Наурыз!» тақырыбында театрландырылған бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты: Жас ұрпаққа наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін, дінін, ұлттық дүние танымын, ұлттық киімін, тағамын, ұлттық ойындарын насихаттай отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп ұжымынан және қонақтар ретінде 310 адам қатысты.