«Мен нашақорлыққа қарсымын»
22.04.2025 ж. «Мен нашақорлыққа қарсымын» тақырыбында 9–10 сынып оқушылары арасында шығарма жазу байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың зияны туралы түсінік қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушылар нашақорлықтың жеке адам мен қоғамға тигізетін зияны, одан сақтанудың жолдары, өмірлік құндылықтар жайлы ой қозғап, өз көзқарастарын көркем тілмен жеткізді.