07
декабрь
2022
"Тіл мен тарих - халық қазынасы" айлық жоспары



07.12. 2022 жылы Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі, тарих бірлестігінің "Тіл мен тарих - халық қазынасы" айлық жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімі К. Байдильдаев 7 а сынып оқушыларымен " 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында сабақ мақсатына жету үшін топтық, жұптық және картамен жұмыс жүргізілді. Ұстаз сабақта"Тұлғаны таны", "1 сурет, 5 сөйлем, "Сәйкестендіру", "Семантикалық карта", "Жылдар сөйлейді" әдістерін қолданды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, сабақта белсенділік танытты.


