
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 7ақпан күні 8"А" сыныбының жетекшісі А.Абаева білім алушылардың темір жол бойында және темір жол өткелдері мен бекеттеріндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Темір жол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында темір жол бойында оқушылардың өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай ережелерді сақтау керектігі туралы жан-жақты ақпараттар берілді.