06
май
2025
"Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс", "Ерлікке тағзым - ұрпаққа үлгі" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай ағымдағы жылдың 6 мамыр күні білім ошағының 1-11 сыныптарында "Ұрпаққа ұран болған ұлы жеңіс", "Ерлікке тағзым - ұрпаққа үлгі" тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты - Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары туралы мағлұмат беру, Ұлы Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің және Отан үшін жан қиған майдангер батырлардың ерліктерін жас ұрпаққа үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.



