14
март
2025
Көрісу күні - Амал мерекесі
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 14 наурыз күні "Наурызнама онкүндігі" күнтізбесі аясында жүзеге асырылатын іс-шаралары тізбегі өзінің бастауын алды. Бұл күні Көрісу күні - Амал мерекесіне орай іс-шарасы ұйымдастырылып, аталып өтілді. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді "Амал келді, жыл келді" деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша қыстан аман шыққан халқымыз осы күні төс қағыстырып, көрісетін болған. Жыл мерекелі де берекелі болғай!





