13
февраль
2025
«Өмір теңіз, жүзем онда демеңіз - ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» күніне орай «ОйнаIQ» интеллектуалдық сайысы
2025 жылдың 13 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы №80 хаты негізінде психологиялық кеңес беру айлығының жоспарына сай «Өмір теңіз, жүзем онда демеңіз - ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» күніне орай «ОйнаIQ» интеллектуалдық сайысы ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен өткізілді. «Өмір теңіз, жүзем онда демеңіз - ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» бұл сөздер бізге өмірдің шынайы құндылықтары мен маңызды істерін ұмытпау керектігін ескертеді. Өмірдің теңізінде өз жолымызды табу үшін, біз ізгілік, білім және адалдықпен жүруіміз керек. «ОйнаIQ» интеллектуалдық сайысымыздың мақсаты — білімді болу ғана емес, сонымен қатар жан-жақты ойлап, ізгілікті іс-әрекетке баулу.
