12
декабрь
2024
"Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат" деген тақырыпта тарих пәнінің мұғалімі К.Байдильдаев 7 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді.
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың12 желтоқсан күні "Тәуелсіздік құндылықтары: өткенге тағзым, болашаққа аманат" деген тақырыпта тарих пәнінің мұғалімі К.Байдильдаев 7 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында білім алушылар жалпы қазақтың терең тарихынан сыр шертіп, түп атамыз түркілерден бастап, айбынды Алаш орда үкіметінің саясаты, желтоқсандағы жастардың қайсарлығы жайлы көптеген ақпарат айтты. Тәуелсіздіктің маңызы мен рөлін , қазақ жастарының рух-жігерін айтып өтті.
#Біртұтас_тәрбие#Жамбылоблысы#Меркіауданы
