25
ноябрь
2024
Кеңес беру
2024 жылдың 25 қараша күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-10 сынып білім алушыларының қатысуымен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар» тақырыбында кеңес берілді.
Аффирмация - (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
- Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
- Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
- Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
- Болып жатқан істің барлығы - менің игілігім үшін жасалуда.
- Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтты мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
- Мен қандай болсам, өзімді сол қалыпымда жақсы көрем.
- Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
- Менің өміріме сәттіліктің, атақ - данқтың келуін қуана қабылдаймын.
- Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
