01
октябрь
2024
"Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында ауылымыздың қарт еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді.
1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 қазан күні "Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбында ауылымыздың қарт еңбек ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ел қазынасы - ақ сақалды қарт аталар мен ақ жаулықты әжелер жас ұрпаққа өнегелі өмір жолдарынан сыр шертті. Ал білім алушылар қарттар күні мерекесіне орай мерекелік шағын арнауларын тарту етті. Кездесу соңында ақ сақалды аталар жас жеткіншектерге ақ жүректі баталарын беріп, алғыстарын білдірді. Іс-шараны ұйымдастырып өткізген "Жас Ұлан" ұйымының тәлімгері А.Абаева мен "Жас еріктілер" үйірмесінің жетекшісі Б.Чотбаева.



#Біртұтас_тәрбие
#Жамбылоблысы
#Меркіауданы




#Жамбылоблысы
#Меркіауданы