25
сентябрь
2024
Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде қыркүйек айының 25 жұлдызында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңі басталды. Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Олимпиада 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән бойынша) өткізіледі және 3 кезеңнен тұрады.
Бастапқы кезеңге қатысу үшін мектебімізден 9-11 сынып оқушылары аuyl.daryn.kz сайтында тіркеліп, 27 оқушы қатысуға ниет білдірді. Олимпиада «бір компьютер – бір оқушы – бір камера» қағидаты бойынша өткізіледі. Академиялық адалдық қағидаттарын бақылау үшін "үшінші тұлға" қатысуға құқылы. Атаулы іс-шараға Сұрат ауыл округінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Жардембаев Алмас ағамыз келді. Бұл олимпиада ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік екенін, өте жақсы бастама екенін айтты. Дарынды және талантты оқушыларымызға сәттілік тіледі. Олимпиаданың ашылуымен оқушылар және ұстаздарды құттықтады. 2024-2025 оқу жылының мектепішілік Ауыл олимпиадасына қатысушы барлық шәкірттерге сәттілік пен шалқар шабыт тілейміз.