24
май
2024
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаттары өткізілді.
Кезекті 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай ағымдағы 2024 жылдың 24 мамыр күні 1-10 сыныптары аралығында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында жалпы республикалық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаттары білім алушылардың ҚР-сының Мемлекеттік Гимнін шырқаумен басталды. Оқу-ағарту министрінің оқу жылының аяқталуына орай республикамыздың оқушыларына жолдаған құттықтау сөзі тыңалып, әр сыныптың оқу жылындағы қол жеткізген жетістіктері бойынша бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Оқу жылы бойынша қорытындылау жүргізіліп, марапаттау үрдісі жүзеге асырылды.
















