15
март
2024
"Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурыз күні 1-11 сыныптары арасында "Наурыз - берекем, Наурыз - мерекем!" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін Наурыз мерекесінің ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, салт-дәстүрін, өз ұлтына деген сүйіспешілігін арттыру. Қазақтың әдет-ғұрпын, тіліміз бен ділімізді құрметтеуге тәрбиелеу.






































