27
февраль
2024
"Алғыс саған, туғанел!" тақырыбында достық фестивалі өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес 27 ақпан күні 3-4 сыныптарының білім алушылары арасында "Алғыс саған, туғанел!" тақырыбында достық фестивалі өткізілді. Мақсаты: Кең байтақ Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің өзара сыйластығын, достығын, бір отбасындай бірлікте болуын, ынтымағын дәріптей отырып, жас ұрпақты Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.
