21
февраль
2024
"Көлік құралдарының түрлері туралы мәлімет" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
С.Әлібекұлы атындағы №19 ЖОББ мектебінде көркем-эстетикалық және дене шынықтыру, АӘД пәндері әдістемелік бірлестігінің айлығындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес 21.02.2024 ж.көркем еңбек пәні мұғалімі Сатымбаев Қ. 6 а сыныбында "Көлік құралдарының түрлері туралы мәлімет" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: шығармашылық идеяларды іске асыру мақсатында ақпарат көздерін өз бетінше таңдап, қолдану. Сабақ барысында топқа бөлу, жұптық жұмыс ,макет құрастыру жұмысы орындалып,миға шабуыл, бос орынды толтыр, бас бармақ әдістері қолданылды.






