23
февраль
2024
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай 5-7 сыныптар аралығында "Құрт PARTI" акциясы өткізілді.
1 наурыз - Алғыс айту күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары аясында 23 ақпан күні мектептің өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 5-7 сыныптары аралығында "Құрт PARTI" акциясы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы - құрттың маңызын көрсету. Жас ұрпақ бойында ұлттық салт-дәстүрімізге, мәдениетке деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастырып, еліміздің патриоттары болып өсуге тәрбиелеу. Қатысушы оқушылар құрттың түрлері мен олардың жасау жолдары туралы ақпараттар беріп, құрт өнімдерінің маңызы туралы мағлұматтармен бөлісті. Акцияға белсене қатысып, іс-шараның маңызын аша білген барлық сыныптар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталып, аталып өтті.








