Мектептерге арналған PISA зерттеуінің ерекшеліктері, мазмұны мен өзектілігі.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы #19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 6 қазан күні ДОТЖО Г.Ендыбаеваның ұйымдастыруымен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тақырыбы: Мектептерге арналған PISA зерттеуінің ерекшеліктері, мазмұны мен өзектілігі.Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету. Бағалау бағыты: оқу, математика, жаратылыстану. Зерттеуге қатысушылар: 15,3-тен 16,2-ге дейінгі жас аралығындағы оқушылар.