27 наурыз күні Алматы қаласында өткізілген "Спорт жұлдыздары" журналының 15 жылдығына орай журнал жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасындағы "АСЫҚ АТУДАН" республикалық турнирде Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ардабеков Ырысбек Абдешулы ll орын иеленіп, "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды.