








Меркі аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен аудандағы барлық дарынды, талантты оқушылармыздың жетістіктерін паш етуге арналған мерекелік салтанатты, "Жарқыра, самға, жарық жұлдыз!" атты аудандық үлкен форум орталық Мәдениет үйінде болып өтті. Форумға ауданымыздың ой- өрісі жоғары, бәсекеге қабілетті, зерделі, білімді, өнерлі, спорт сүйер жас дарындар шақырылды. Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінің спорт саласының тоғызқұмалақ түрінен облыстық чемпиондарымыз Нұрлыбек Қаламқас, Елубаева Айда, Сейтжапар Нұртілек, Қали Каусар осы дарынды оқушылар қатарынан көрініп, қошеметпен сахна төріне шықты. Чемпиондарымызды тәрбиелеген мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Иманалиева Айжан Абуовнаға үлкен алғысымыз шексіз 👏🏻👏🏻👏🏻