Оқуға құштар мектеп
Қараша айының 25 күні мектеп кітапханасында 5-8 сыныптар аралығында «Патша сөздің Фаризасы» атты мәнерлеп оқу сағаты ұйымдастырылды. . Мақсаты: Оқырмандарға қазақ ақыны,халық жазушысы Ф.Оңғарсынованың өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтер беру. Оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу, балаларды поэзияны сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.