КІТАПХАНА » Страница 3 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
11
февраль
2025
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
11.02.2025 жыл. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Әулиеата - кітап оқитын өңір» жобасы аясында 2025 жылды «Кітап оқу жылы» деп жариялады. Осыған орай мектебіміздің 7 "Ә" сынып оқушылары "Кітап - алтын қазына!" атты  челленджін 7"А" сыныбына жолдайды
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
11
февраль
2025
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
11.02.2025ж. «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында 2-4сынып оқушыларының арасында «Жылдам кітап оқу құпиясы» атты минутқа оқу жұмысы ұйымдастырылды. 2 сынып оқушылры минутына 85-90cөз оқыса, 3 сынып оқушылары 110-140 сөз оқып, ал 4сынып оқушылары   минутына     160-170 cөзге дейін  оқыды.Оқушылардың жылдамдыққа оқуы өте жоғары деңгейде екенін көрсетті.
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
10
февраль
2025
"Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы
10.02.25 ж. "Әулиеата – кітап оқитын өңір" жобасы аясында 5-сынып оқушыларымен кітап оқу шарасы өтті!  Мектеп кітапханасында  мектеп басшысы С.Сеитова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов оқушыларымен бірге қызықты кітап оқу және талдау шарасы ұйымдастырылды.  Оқушылар  кітабын оқып, оның негізгі идеялары мен тәрбиелік мәнін талқылады.Мақсатымыз :балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.  Осындай әдеби шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады! 
"Балалар кітапханасы"
31
январь
2025
"Балалар кітапханасы"
31.01.25ж.Мектеп кітапханасында қараша айының 20 күні балалар әдебиетінің алып бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл . Іс шара 4 сынып оқушыларымен  ұйымдастырылды.  Биылғы жылы  «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев.
«Жас ұрпақ жадында»  библиографиялық шолу
29
январь
2025
«Жас ұрпақ жадында» библиографиялық шолу
29.01.25ж. 7-8сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында  қазақтың атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған «Жас ұрпақ жадында»  атты библиографиялық шолу іс-шара ұйымдастырылды.
«Оқуға құштар мектеп жобасы»
28
январь
2025
«Оқуға құштар мектеп жобасы»
28.01.25 ж .Бүгін мектеп кітапханасында 7а сынып оқушыларымен  қазақтың дара тұлғасы ,ұлы қоғам қайраткері «Түркі тілдес, түгел бол» деп ұрандаған Тұрар Рысқұловтың биыл туғанына 130 жыл толуына орай танымдық сағаты өткізілді
"Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы
24
январь
2025
"Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы
24.01.2025 жыл "Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы аясында "Кітап – сарқылмас қазына" тақырыбында ашылу салтанаты  ұйымдастырылып, білім алушылар, өңір тұрғындары арасында кітап оқуды дәріптеуге және әдеби мұраның маңыздылығын арттыруға бағытталған бейнебаяндар, әңгімелер өткізілді. Ашылу салтанаты аясында кітаптың рухани байлық ретінде қоғамдағы рөлі, оның білім мен мәдениетті дамытудағы маңызы туралы баяндалады
«Оқуға құштар мектеп жобасы»
21
январь
2025
«Оқуға құштар мектеп жобасы»
21.01.25ж. «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында Мектеп  кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларының   бірі  Жүсіпбек  Аймауытовтың  туғанына  135 жыл орай  библиографиялық  шолу   іс-шарасы өткізілді. Шара барысында 6 және 7сынып  оқушылары қатыстырылып жазушының өмірімен және шығармашылығымен танысып,сұрақ-жауап арқылы өз ойларын жеткізді.
«Ғасырдың дара перзенті»
17
январь
2025
«Ғасырдың дара перзенті»
17.01.25ж. Мектеп  кітапханасында 6 сынып оқушылары арасында «Ғасырдың дара перзенті» атты  Дінмұхамед Қонаевтың танымдық сағаты ұйымдастырылды. Мемлекет және қоғам қайраткерінің өмірімімен, қызыметімен  таныстырылып, қазақ тілі пәнінің мұғлімі Нурбаева М. Және кітапханашы Құрымбаева Ш .оқушылармен ой бөлісті.
Оқуға құштар мектеп
31
декабрь
2024
Оқуға құштар мектеп
31.12.24ж. Мақсатымыз: оқушыларды қыстық демалысын тиімді пайдалану. Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіру.