22
апрель
2024
Оқуға құштар мектеп
Ағымдағы жылдың 22 cәуір күні мектеп кітапханасында Т.Әубәкіровтың танымдық сағаты болып өтті.Сабақ мақсаты: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72 - ші) ғарышкері, Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери - патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. Қазақ ғарыш мектебінің негізін салушы екеніне көздерін жеткізу. Т. Әубәкіровтің өнегелі өмір жолы мен ерлігін насихаттау арқылы шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
