КІТАПХАНА » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балдаурен"жазғы демалыс лагері. "Кітап-өмір азығы" кітапхана әлемі.
03
июнь
2025
"Балдаурен"жазғы демалыс лагері. "Кітап-өмір азығы" кітапхана әлемі.
Мектеп жанынан ұйымдастырылған «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінде «Кітап –өмір азығы» кітапхана   әлемі атты тақырыбында  іс-шара әр топ оқушыларымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысы:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын арқылы өткізілді.   Мақсаты: кітап сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру,оқулықты таза  ұстауға үйрету. 
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " Ұлылардың ұлысы- Абай" 180жыл. Кітап көрмесі
16
май
2025
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " Ұлылардың ұлысы- Абай" 180жыл.
16.05.2025ж. Мектеп кітапханасында Абай Құнанбайұлына 180 жыл толуына орай «Ұлылардың ұлысы – Абай»  атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрменің мақсаты: Абайдың дүниетанымын және оның рухани мұрасын оқырмандарға кеңінен насихаттау.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ұлы даланың батыр қызы" А.Молдағұловаға 100жыл
08
май
2025
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ұлы даланың батыр қызы"
8.05.2025ж.  Мектеп кітапханасында 9 сынып оқушыларымен «Ұлы даланың батыр қызы»  Кеңес Одағының мергені   Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай «Жалт еткен жасын ғұмыр» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.  Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін насихаттау. 
"Ұлы жеңіске  80жыл"! Кітап көрмесі
08
май
2025
"Ұлы жеңіске 80жыл"! Кітап көрмесі
8.05.2025ж.  мектеп кітапханашының ұйымдастыруымен  « 9   Мамыр   Ұлы  Жеңіс ке   80 жыл » толуына орай   « Желбіре, жеңіс жалауы  »  , «Ерлік даңқы ешқашан өшпейді»  тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты:бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,олардың бойына потриоттық сезімін қалыптастыру,елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.
«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы
02
май
2025
«Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы
."   Әулиеата кітап оқитын өңір   " жобасы аясында "Бәріміз кітап оқимыз" дөңгелек үстел іс-шарасы жүйелі түрде әр аптаның жұма күні жүргізіліп жатыр.Бүгінгі дөңгелек үстел барысында 6а сынып оқушылары  Қазақбай Әли  "Ертегілер желісі" бойынша "Қазақтың халық ертегілері" атты жинағын Ануарбек Айша, Оразқұл Дінмұхаммет, Аманжол Ернұр. 6а сыныбынан Рысқұл Сая өз деңгейінде баяндалды.  Жобаның мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, сауаттылығы мен оқу мәдениетін қолдау. Қазақстан
"Оқуға құштар мектеп" С.Мұқанұлына 125 жыл.
24
апрель
2025
"Оқуға құштар мектеп" С.Мұқанұлына 125 жыл.
24.04.2025ж. Кітпханашы Ш.Құрымбаеваның ұйымдастыруымен  Оқуға  құштар мектеп жобасы аясында» Сәбит Мұқановқа 125 жыл толуына орай «Тарлан талант тағдыры» атты Сәбит Мұқанұлына арналған танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, ұлттық әдебиетіміздің негізін салушы қаламгердің бірі- Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы жайында әр қырыннан мағлұмат беру.
«23 Сәуір ұлттық кітап оқу» күні
23
апрель
2025
«23 Сәуір ұлттық кітап оқу» күні
23.04.2025ж.  «23 Сәуір ұлттық кітап күніне» орай  ұйымдастырылған   ақын қазақ әдебиетінің негізін қалаушы  І.Жансүгіровтың  130 жыл толуына орай  7 және 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып  танымдық сағаты өткізілді.  Іс-шараның мақсаты:  қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтілген ақын ,қазақ әдебиетінің негізін қалаушы  І.Жансүгіровтың  туғанына 130 жыл
22
апрель
2025
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтілген ақын ,қазақ әдебиетінің
22.04.2025ж.  «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында ұйымдастырылған   ақын ,қазақ әдебиетінің негізін қалаушы  І.Жансүгіровтың  130 жыл толуына орай  7 сынып оқушыларымен бірлесе отырып  танымдық сағаты өткізілді.  Іс-шараның мақсаты:  қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
"Өлеңі мен өмірі елге таныс" Ш.Мамасерікова кітап көрмесі
15
апрель
2025
"Өлеңі мен өмірі елге таныс" Ш.Мамасерікова кітап көрмесі
15.04.2025ж. Шырын Мамасерікованың  «Өлеңі мен өмірі елге таныс»  атты   тақырыбына арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандар арасында қазақтың бір туар ақыны,кемеңгер тұлғаның мемлекет пен халық алдындағы сіңірген еңбегін,қайсарлығын таныту,құндылықтарын құрметтеу.
"Өлеңі мен өмірі елге таныс" Ш.Мамасерікова кітап көрмесі
15
апрель
2025
"Өлеңі мен өмірі елге таныс" Ш.Мамасерікова кітап көрмесі
15.04.2025ж. Шырын Мамасерікованың  «Өлеңі мен өмірі елге таныс»  атты   тақырыбына арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітап көрмесінің мақсаты – оқырмандар арасында қазақтың бір туар ақыны,кемеңгер тұлғаның мемлекет пен халық алдындағы сіңірген еңбегін,қайсарлығын таныту,құндылықтарын құрметтеу.