"Достығымыз жарасқан" тақырыбында достық фестивалі өткізілді
1 мамыр - Қазақстан халықтары бірлігі күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде "Достығымыз жарасқан" тақырыбында достық фестивалі өткізілді. Іс-шараның мақсаты - халықтар арасындағы достықты нығайту, дәріптеу. Жас ұрпақ бойында ынтымақшыл, мейірімділік, достық сезімдерін қалыптастыру. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.