«23 Сәуір ұлттық кітап оқу» күні
23.04.2025ж. «23 Сәуір ұлттық кітап күніне» орай ұйымдастырылған ақын қазақ әдебиетінің негізін қалаушы І.Жансүгіровтың 130 жыл толуына орай 7 және 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып танымдық сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның поэзия құдіреті мен әндерін таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.