"Наурызнама он күндігі"
"Наурызнама он күндігі" күнтізбесіне сәйкес 15 наурыз - Қайырымдылық күні. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен татулық тақырыбына арнау ұсынылады. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 15 наурыз күні білім ошағының жас жеткіншектері жалғыз басты еңбек ардагерінің үйінің ауласына және туған ауыл орталығында игі істер марафонын ұйымдастырып, тазалық іс-шарасын жүргізді. Жетекшілік жасаған мектепішілік Жас Ұлан ұйымының тәлімгері А.Абаева.