Материалы за 24.01.2025 » СШ№19 им. Алимбекулы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«Cыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 325-31-45
Есепші бөлімі:
+7 (702) 256-12-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 24.01.2025
"Заң және тәртіп"
24
январь
2025
"Заң және тәртіп"
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 24 қаңтар күні  "Заң және тәртіп" айлығы аясында   "Заңға құрмет-тәртіп кепілі"  тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өткізілді. Мақсаты: заң және тәртіп құндылықтарын дәріптеу, білім алушылардың заң талаптарын түсінуін және құрметтеуін қалыптастыру, құқықтық мәдениетін арттыру. Іс-шараға 8-9 сынып білім алушылары қатысып, өз білімдерін қағаз бетіне түсіре білді.
"Дені сау ұрпақ- құқықтық қоғам негізгі "
24
январь
2025
"Дені сау ұрпақ- құқықтық қоғам негізгі "
Біртұтас тәрбие бағдарламасының қаңтар айы - Заң және тәртіп айлығының аясында мектеп парламентінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 24 қаңтар күні "Дені сау ұрпақ- құқықтық қоғам негізгі " атты 7-8 сыныптарының арасында эстафеталық спорттық жарысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақ арасында құқықтық сауаттылық маңыздылығын  дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Тартысты өткен спорттық сайыс қорытындысы бойынша 8 сыныптың "Бірлік" командасы басым түсіп,  жеңімпаз аталды.
"Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы
24
январь
2025
"Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы
24.01.2025 жыл "Әулиеата кітап оқитын өңір" жобасы аясында "Кітап – сарқылмас қазына" тақырыбында ашылу салтанаты  ұйымдастырылып, білім алушылар, өңір тұрғындары арасында кітап оқуды дәріптеуге және әдеби мұраның маңыздылығын арттыруға бағытталған бейнебаяндар, әңгімелер өткізілді. Ашылу салтанаты аясында кітаптың рухани байлық ретінде қоғамдағы рөлі, оның білім мен мәдениетті дамытудағы маңызы туралы баяндалады