"Тарихқа тағзым" атты викториналық сайысы өткізілді.
Сыпатай Әлібекұлы атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектебінде 17 қазан күні "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының іс-шаралары жоспары аясында 11 сынып білім алушылары арасында "Тарихқа тағзым" атты викториналық сайысы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Іс-шараны ұйымдастырған тарих пәнінің мұғалімі Қ.Бекбулатов. #АКЫНДАРАЙТЫСЫ2024 #ЖАМБЫЛОБЛЫСЫМЕРКІАУДАНЫ