19
февраль
2024
«Сіздің жолаушыңыз бала!» атты онкүндік іс-шара
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы Меркі ауданының білім бөлімінің 19.02.2024 жылғы №781 хатын негізге ала отырып, балаларға қатысты жол көлік жарақатының алдын алу және оларды жолда қорғау мақсатындағы Республикалық «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде 2024 жылдың 19 ақпаны мен 1 наурыз аралығында «Сіздің жолаушыңыз бала!» атты онкүндік іс-шаралары өзінің бастауын алды. Онкүндік іс-шараларының басталуына орай мектеп білім алушылары арасында жолда жүру ережесін сақтау және жол-көлік оқыс оқиғасының алдын алу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Исмаилов пен Меркі АПБ ЖПҚБ ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция капитаны Е.Оспанбеков 19 ақпан күні оқушылар арасында таныстыру, ақпараттандыру іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында жолда жүру ережелерін білу және оны үнемі жадынан шығармау білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды фактордың бірі екендігін айтып, жолда жүру тәртібі мен мәдениетін сақтауға шақырды.




